Утепбергенова Гаухар Кушербаевна » КГУ ШГ №118
Коммунальное
государственное учреждение
"Школа-гимназия №118"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 252 36 99
Бухгалтерия:
+7 (727) 252 16 68
Директор:
+7 (727) 239 38 52
Версия
для слабовидящих
» » » Утепбергенова Гаухар Кушербаевна
03
январь
2021

Утепбергенова Гаухар Кушербаевна

Утепбергенова Гаухар Кушербаевна2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ филологиясы» факультетін «Филология» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қазақ филологиясы» факультетінің «Филология» мамандығын магистратура бойынша үздік дипломмен тәмамдап, «Филолог магистр» біліктілігін иеленген.Еңбек өтілі 14 жыл. 2006-2007 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты №88 орта мектепте «Қазақ тілі әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 2007-2020 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2020-2021 оқу жылынан бастап Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №118 мектеп-гимназиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі.
Утепбергенова Гаухардың жетістіктері:
•Алматы қаласы, Бостандық аудандық «Жыл мұғалімі-2008» байқауының ІІ орын иегері (2008 ж).
•Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталған (2010 ж).
•Алматы қаласы, Алмалы ауданы «НұрОтан» партиясы төрағасының алғыс хатымен (2015 ж.) марапатталған.
•30-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы.