"Муравейник" лагеріндегі 3-ші күн әдеттегідей таңғы жаттығулармен
"Муравейник" лагеріндегі 3-ші күн әдеттегідей таңғы жаттығулармен басталды! Жаттығулардан кейін балалар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар алды, содан кейін маңызды және қаһармандық мамандық – өрт сөндіруші туралы білді. 👨🚒🚒 «Оқитын ұрпақ» бағдарламасы аясында балалар өздерінің сүйікті ертегілерін 📖 оқып, асфальтқа жарқын суреттер салды🎨 және оқыған ертегілері бойынша қызықты викторинаға қатысты. Күн оқиғаға толы, танымлы болды!